ШЫМКЕНТ: Бүгінгі күнге дейін 2173 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды

163

Шымкент қаласында COVID-19 ауруының алдын алу аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары 15 шілдеден бастап таратыла бастады.

Бүгінгі күнге дейін 2173 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды. Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді.Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.
Еліміздегі барлық қалаларға барлығы 145 мың жиынтық тегін таратылады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласы бойынша «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда. Дәрілік қобдишалар берілетін мекен-жайлары келесідей:
✅Еңбекші ауданы, Жібек жолы 58, «Кабиско» аялдамасы, «Gramad Hypermarket».
✅Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129, «Бекжан» автовокзалы;

✅Қаратау ауданы, Қайтпас 1 ш/а Көшеров көшесі 10 үй, «Береке» дүкенінің жанында және Нұрсат ш/а Арғынбеков көшесі 124, Шахан-2, «Gramad supermarket»;

✅Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі 3, «Айгүл» аялдамасы, «Gramad»

Advertisements