Әйтенов шаhардағы маңызды жолайрық құрылысын жіті бақылауда

192

 

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі М.Әйтенов шаhардағы маңызды жолайрық құрылысының барысын аралап, жұмыс сапасын бақылады.

Нысан құрылысына жауапты мердігер – «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Қонаев даңғылы бойынша – 1 030 м, ал Рысқұлов көшесі бойынша – 684,7 м. Жолдың ені – 45 метр.

Бүгінде инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Тіреу қабырғаларын құю (680 м), уақытша электр бағаналарын орнату (7 дана), 120 дана свай құю, жер жұмыстары (112 000 м3), қуаттылығы 110 кВ электр желісін уақытша айналма желісіне қосу және тағы басқа жұмыстары орындалды. Қазір жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю, тіреу қабырғаларын құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс барысын аралаған қала әкімі құрылыста орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Айта кетсек, Қонаев даңғылын жер асты өткелі арқылы көліктердің қозғалысына ашу осы жылдың қазан айына дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көлік қозғалысы үшін қарашаға дейін ашу жоспарлануда.

Advertisements