Шымкент пен Алматы қалалары өзара әріптестік байланыс орнатты

171

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» орталығының өкілдері Орталық Азиядағы ауқымды шаралардың бірі саналатын KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысуда.

Апта басында басталған шараның мақсаты – мемлекеттік қолдау шаралары мен туризм инфрақұрылымын жақсарту, заңнамалық жаңалықтарды талқылау. Сондай-ақ туризмнің жекелеген түрлері: эко – агротуризм, жағажайлық демалыс, мәдени-тарихи, медициналық, гастрономиялық туризм бағыттарын қарқынды дамытудың мүмкіншіліктерін талқыға салу.

Бағдарламаның алғашқы күнінде Шымкенттік делегаттар көрме қонақтарына Шымкент қаласының туристік әлеуеті туралы ақпарат беріп, отандық және шетелдік туристердің қызығушылығын оятатын қаламыздың тарихи-мәдени нысандарын таныстырды.

Бүгінде Қазақстанға келетін туристердің (ішкі туризмді қоса алғанда) 40 пайызын Алматыға келушілер құрайды. Яғни сырттан келуші шетелдік туристердің саны бойынша Алматы қаласы абсолютті көшбасшы. Бұл орайда көрікті шаһардың туристік бағыттағы тәжірбиесі өзге өңірлерге ауадай қажет. Енді туристерге ыңғайлы орта қалыптастыруда Алматы мен Шымкент қалалары өзара әріптестік байланыс орнатты.

– «Visit Shymkent» және «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығы туризмді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты бірлесе іске асыру, «Ұлы Жібек жолы» тізбесін жалғай отырып туристік турлар ұйымдастыру және семинарлар өткізу туралы
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келіссөз алдағы уақытта Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп ойлаймын»,- деді «Visit Shymkent» орталығы басшысының орынбасары М. Амангелдіұлы.

Айта кетейік, іс-шараға мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, туристік қауымдастықтар, туроператорлар, турагенттіктер және туристік объектілердің өкілдері қатысуда.

Advertisements