ШЫМКЕНТ: Мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамнан шет қалмайды

138

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жұмысшы топ құрылып, Абай ауданында орналасқан әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, нысан иелеріне «Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы» №39-заңына сәйкес, әлеуметтік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыруға міндетті екендігін түсіндіріліп, сала мамандары тарапынан құқықтық кеңестер берілді. Айта кетейік бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ кедергісіз орта жасақтауда қамкөңіл жандардың ұсыныс-тілектері ескеріледі. Жобаның мақсаты – қаладағы әлеуметтік нысандарға кіріп-шығу үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына жағдай жасау. Жалпы мүгедектерге арналған авто тұрақ, пандустар, дыбыстық шақырту кнопкалар, тактильді плиткалар, мүгедектерге арналған санитарлық бөлмелер болуы тиіс.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 2021 жылға 259 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына қарай бейімдеу жоспарланып, нақты 200 нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Талапқа сәйкес келмегендерге ескерту берілді.

Advertisements