ШЫМКЕНТ: Қалааралық маңызды жолдар кезең-кезеңімен жөндеуден өтеді

129

А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолы техникалық-экономикалық көрсеткіші бойынша жалпы ұзындығы 31,6 шақырым құрайды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жж аралығына жоспарланған бұл жолдың жобалаушы мекемесі «ШымкентКаздорпроект» және «ИгілікСтройПроект».

Жалпы 8 кезеңнен тұрады:
1 кезең – Қ.Төлеметов көшесінен Ынтымақ ш/а дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,75шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 80 метр, 6 жолақты, жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесінің ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын орнату, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыс 2021 жылдың соңына біту жоспарланған, қазіргі уақытта 90% жұмыс атқарылды. Мердігер «Отау Строй» ЖШС.
2 кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,5шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 80 метр, 4 жолақты, жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі уақытта жұмыс 60% орындалған, 2022жылға аяқтау жоспарлануда. Мердігер «Отау Строй» ЖШС.
3 кезең – Жанаталап елді-мекеніне бұрылыстан кейінгі Бадам өзені көпір жүйесі 100% аяқталған.
4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар көзделген. Құрылыс жұмыстары басталды, жолды 2022 жылға аяқтау жоспарланған. Мердігер: «Базис-К» ЖШС.

Айта кетейік қалған 5, 6, 7 ,8 кезеңдердің жұмыстарының басталуы 2022 жылға жоспарланған.

Advertisements