ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР ХҚО МЕН EGOV АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ

219

Қала тұрғындары енді арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға өтінішті eGov порталымен немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы бере алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мемлекеттен берілетін бұл көмектің түрін 20-ға жуық арнайы санатқа жататын азаматтар алалатынын айтады.
Бүгінде аталған жәрдемақыны ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері және ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары алған. Бұдан бөлек, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары мен Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға
қатысушылардың отбасылары алып келген.
Жәрдемақыны ХҚО немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға өтініш беру үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
1️⃣белгіленген үлгі бойынша өтініш;
2️⃣жеке басын куәландыратын құжат;
3️⃣банк шоты бойынша мәліметтер;
4️⃣жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

Естеріңізге сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ХҚО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Ол үшін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, сұраныс қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен байланысады және клиентке бару үшін қолайлы уақытын келіседі.

Advertisements