ШЫМКЕНТ: К.ЦЕТКИН КӨШЕСІНДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

304

К.Цеткин көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Бұл көшеде қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жобаның сметалық құжаттарында жалпы аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған. Сонымен қатар көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы жасалатын болады.
К.Цеткин көшесінің құрылыс жұмыстары «Көркем Сәулет» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Qazaqstan Expert» ЖШС-гі.
Көше құрылысы қараша айында ақталады деп жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements