ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №2 АУРУХАНА – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫНДА

182


Шымкент қаласындағы №2 аурухана дəрігерлері коронарография əдісімен жүрек ауруы бар науқасқа алғаш рет диагностика жасады. Күрделі ота аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы рентген-хирург Асқар Рахматалиевтің жетекшілігімен өтті.

Аурухана базасында алғаш рет жасалған ота кезінде білікті мамандар жүрекке жіңішке катетер жіберіп, шаштың қылындай ғана қан тамырдағы ақауды дер кезінде анықтады. Аурухана дәрігерлері жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронаграфия əдісін сәтті іске асырды.

Коронарография мамандандырылған операциялық бөлмеде рентген сәулелерінің бақылауымен жасалады. Рентгенде қан және оның тамырлардағы қозғалысы көрінбейді, ал рентгенконтрасты ерітінді қанмен араласып тек қана оны көрсетпей, бүкіл коронарлық тамырдың ішкі пішінін көрсетеді. Бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Медицина мекемесінде кардиология саласындағы емдеу жұмыстарын одан әрі кеңейту, жүрек ауруына шалдыққан науқастарға жоғары мамандандырылған диагностикалық тексеру мен емдеу мүмкіндігін арттырып, жүрек-қан тамырларынан пайда болатын өлім-жітім көрсеткішін азайтпақ ниетте. Ол үшін ауруханада білікті мамандармен қатар, қажетті заманауи техникалық жабдықтардың барлығы бар.

Advertisements