Солтүстік өңірлерге қоныс аударушыларға

212

Солтүстік-Казақстан облысы “Еңбек” Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына көшіру бойынша қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды qamshy.kz

Солтүстік-Казақстан облысы “Еңбек” Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына көшіру бойынша қабылдау жүргізеді. Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау бағытында келесідей көрсетіледі: Көшуге материалдық көмек беру; Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай – ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-   отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;- Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек – ай сайын, он екі ай ішінде мынадай мөлшерде беріледі:   Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:- бір адамға 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде;- отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК (52 506 теңге) мөлшерінде;- отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 21 АЕК (61 257 теңге ) мөлшерінде. Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:- бір адам үшін – 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде;- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде;- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде төленеді;

Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс.Тұрғын үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 11 000 тенге.5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігі бар. Айта кетсек, қоныс аударуға ниет білдірушілер үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Елдің еңбек күші артық өңірлерінен қандастар мен азаматтарды қабылдау жөніндегі ақпараттық-кеңес беру орталығы» ашылған.Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі 168 б,108 кабинет.Байланыс тел:8-7152-32-08-82, 8-775-663-62-13, 8-708-432-08-82

“Қамшы” сілтейді

ІЛМЕК СӨЗДЕР: СОЛТҮСТІК-КАЗАҚСТАН
Advertisements