Жасөспірімдер арасында жүктілік көбеюде: Мектептерде жыныстық білім беруді енгізу керек пе?

212

Жастарға жыныстық білім беру қажет. Тек дәстүрлі мәдениетті жақтаушыларың наразылығын тудырмас үшін әдістерін жан-жақты ойластыру қажет, деп хабарлайды  kaz.365info.kz

2020 жылы Қазақстанда 15-18 жастағы қыздар бес мыңнан астам баланы дүниеге әкелді Жас аналар мен жаңа туған нәрестелер саны Қазақстанның барлық өңірлерінде көбейген. Бірақ ең жоғары көрсеткіштер елдің оңтүстігінде. 2020 жылы ерте босану жағдайларының бестен бір бөлігі (1 мың) Түркістан облысына тиесілі. Алматы облысында 729, Жамбыл облысында 530 бала дүниеге келді;  Ең төменгі көрсеткіш – Нұр-сұлтан (52) және Алматыда (102).

Мәселе білім беруде

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың пікірінше, жасөспірімдердің жүктілігі жағдайларының өсуі біздің азаматтарымыздың ерте некеге және ерте жыныстық қатынастарға шыдаммен қарайтынын көрсетеді. Сонымен бірге қоғамның архаизациясы жүруде.— Мұның негізгі себебі — білім беру сапасының төмендеуі. Тағы бір себеп — биология пәнін оқыту сапасының төмендеуі. Бұл пәнде жыныстық қатынастар туралы егжей-тегжейлі сипатталған және көрсетілген тақырыптар бар. Бірақ мен жақында ғана мектеп бітірген қыздарды әңгімеге тарттым. Және олар

мұғалімдердің өзі бүлтақырыптардан ұялатынын, өздігінен оқуға беретінін айтты. Оқытушыларды даярлау сапасының төмендігі де әсер етуде

Ал осы уақытқа дейін мектептегі білімнің нәтижесі болған ҰБТ көптеген мектептердің жоғары сыныптарында биологияның іс жүзінде оқытылмауына алып келді. Барлық күш-жігерді негізгі пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындалуға бағыттаған. Енді емтихандар мектеп ішінде тапсырылатын болса, менің ойымша, барлық пәндер қайтадан терең оқытыла бастайды. Бірақ биология пәнінің мұғалімдеріне өте байыпты қарау керек. Маңызды сұрақ: мұғалім физиологиялық процестерге қатысты негізгі ойларды жеткізе ала ма, – дейді Смирнова.

Қоғамның архаизациясы

Депутаттың айтуынша, тәрбие жұмысының төмендеуі де маңызды мәселе болып табылады. Мектепте іс жүзінде бұл мүлде жоқ.

– Баланың қоғамдық жұмыстарға қатысуы және оның қоғамдық пайдалы істері ескерілмейді. ЖОО-ға түсу кезінде оқушының ҰБТ-да алған баллы ғана есепке алынады. Осылайша, тәрбие жұмысы мүлде жүргізілмейді. Идеологиялық бағыт жоқ. Тек жалпы сипаттағы іс-шаралар өткізіледі, – дейді ол.

Advertisements