Украинаның Харьков қаласында Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

207

Украинаның Харьков қаласында Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды qazradio.fm

«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қарсаңында Партияның сайлауалды уәделерінің орындалуын бақылап шықты. Қазір, еліміздің түкпір-түкпірінде «Nur Otan»-ның 217 жол картасы жобасы іске асуда. Мәселең, Алматы облысында межелеген міндет 27 пайызға орындалған. Онда 757 мың шаршы метр тұрғын үй мен 12 мектеп ел игілігіне берілді. Осының арқасында 27 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Партия өкілдері жақында ғана пайдалануға берілген «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенін аралап көрді. Онда биыл 200 пәтерлік 50 үй салынған. Дайын болған пәтерлер бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға беріледі. ***** 26 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары. ДСМ мәліметінше, осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 – ші компонентін 8 190 303 салдырған. ***** Түркияның ұлттық ақшасы лира бүгін тіпті құнсызданып, доллардың қасында 1,7 пайызға әлсіреді. Оның құлдырауына президент Реджеп Тайып Ердоғанның АҚШ пен Батыстың тоғыз мемлекетінің елшілерін отанына қайтару шешімі себепші. Ол дипломаттар осыған дейін мемлекеттік төңкеріс үшін айыпталған бизнесмен әрі адам құқығын қорғаушы Осман Каваланы қамаудан босатуды талап еткен. Бұл дау кесірінен Түркиядан шетел инвестициясы қашады, экономикалық жағдай нашарлайды деген алаңдаушылық күшейіп, жергілікті валютаға сенім сетінеп, оның арзандауына жол ашылып отыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, түрік лирасы жыл басынан өз құнының 24 жарым пайызын жоғалтқан екен. ***** Петропавлда «Жаңғырық» фильмінің түсірілімі басталды. Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мәлімет таратты. «Жаңғырық» – Сатыбалды Нарымбетовтің бұрыннан көкейінде жатқан жобалардың бірі. Фильм қазақ даласына жер аударған революционер, құнды этнографиялық жазбалар қалдырған поляк жазушысы Адольф Янушкевичтің тағдыры туралы баяндайды. Кинотуындыны режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің ұлы – Асқар-Мұхит Нарымбетов түсіріп жатыр» делінген киностудия таратқан хабарламада. Янушкевичтің қазақ даласындағы саяхаты Кенесары ханның соңғы шайқасымен сәйкес келеді деседі. Дәл осы эпизодты Сатыбалды Нарымбетов өз фильмінде түсіріп үлгермеген екен. Еске сала кетейік, жобаның түсірілімі 2019 жылдың ақпан айында басталған болатын. Қазіргі таңда түсірілім Петропавл қаласында өтіп жатыр. Түсірілім тобы бұл жерде айдың соңына дейін түсіріп, кейін түсірілімді Алматы облысында жалғастыруды жоспарлап отыр. ***** Украинаның Харьков қаласында еліміздің ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты өтті. Тасмүсін қаланың «Ойшылдар аллеясы» деп аталатын көрнекті алаңында триптих түрінде бой көтерді. Авторы – Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбанов. Ол туындыны «Өмір ағашы» деп атағаны. Триптих Абаймен бірге Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен әзірбайжандық ағартушы әрі философ Мырза Фатали Ахундовты бейнелейді. Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр, аллеяның ауданы – 2543 шаршы метр. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған еліміздің Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев қала басшылығына игі бастама үшін зор алғысын білдірді.

Advertisements