Түркістан облысында мектептегі карантин талаптары қатаң қадағаланбақ

216

Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны соңғы аптада 190 адамға жетті. Қазір өңірде 400-ге жуық адам ем қабылдауда. Ковидке шалдыққандардың арасында оқушылар да бар, деп хабарлайды qazaqstan.tv

Мәселен, оқу жылы басталғалы бері 271 оқушы індет жұқтырып, қашықтан оқыған. Осы жағдайды ескерген облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев салаға жауаптыларға сақтық шараларын сақтап, босаңсуға болмайтынын ескертті. Әсіресе білім ошақтарында карантиндік талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі: Қазір Ресейде өте көп адамнан ауру шығып жатыр. Ол солтүстік облыстар арқылы бізге де келеді. Ол түсінікті, бұдан бұрын да болған. Сондықтан дайындалу керек. Маска тағу режимін босаңсытуға болмайды. Мектептерде өте қатаң қадағалау орнату керек.

Advertisements