Биыл некелескендер саны 44 пайызға артты
Некелердің үштен бір бөлігі Алматы қаласы мен Түркістан, Алматы облыстарына тиесілі. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында республикада 65 мың неке тіркелді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп. Ал өткен жылы неке саны 24,4% аз болған еді, деп хабарлайды деп хабарлайды informburo.kz
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 9,4 мың жұп ажырасты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9% аз. Алайда 2021 жылдың мәліметтерінде сот шешімі ескерілмеді. Ал бір жыл бұрын ажырасу 2,3 есе азайған еді. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында қалалық жерлерде 44,8 мың немесе 69% жұп ажырасты. Ал ауылдық жерлерде – 20,1 мың. Сондай-ақ, қалалық жерлерде тіркелген неке саны – 48,2%, ал ауылдық жерлерде 36,1% өсті. Мұнымен қатар, қалалық жерлерде ажырасқандар саны да көп – 7,3 мың немесе жұптардың 77,4%-ы. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 21,6% аз. Ауылдық жерлерде ажырасу керісінше азайды – 2,1 мың немесе 37,5%.
Некелердің үштен бір бөлігі келесі өңірлерге тиесілі:
- Алматы – 8,3 мың;
- Түркістан облысы – 7,2 мың;
- Алматы облысы – 6,7 мың.
Сондай-ақ, ажырасудың үштен бір бөлігі келесі өңірлерге тиесілі:
- Алматы – 1,3 мың;
- Алматы облысы – 954;
- Қарағанды облысы – 931.