Түркістан: Түлкібас аудандық орталық ауруханасында күрделі ота жасалды

281

Түркістан облысы, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының жарақат бөлімінде күрделі ота жасалып, сәтті аяқталды. Алғашқы мастер класс есебіндегі ота облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов пен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бақыт Тұрлыбековтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды gov.kz

Облыстық клиникалық ауруханадан ортопед-травматолог дәрігерлер – Сұлтан Мұсаев мен Зафар Мирзаметов арнайы келіп, аудандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Отаға қажетті құрал-жабдықтар Алматы қаласынан алынған.
Жамбас сүйегін протездеу отасы 1949 жылғы тұрғынға жасалды. 1 сағат 40 минутқа созылған ота сәтті аяқталды. Бұл – аудан ауруханасында жасалынып жатқан алғашқы тәжірибелік ота. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орта деңгейде.
“Біздің мұндай оталарды жасауға қабілетіміз бен біліміміз, тәжірибеміз қаншалықты жеткілікті болса да, жабдықтардың жеткіліксіздігі қолымызды байлап, осындай диогнозбен түскен науқастарға қолайсыздық тудыратын. Дегенмен бас дәрігер Бақыт Кеңесбекұлы 2020 жылы жарақат бөліміне ерекше көңіл бөліп, құрал-жабдықтар мен материалдарын алуға ықпал етті. Алдағы уақытта тағы да бірнеше құралдармен қамтылсақ науқастарды қалаға қарай ағылтпай, өзіміздің бөлімде ота жасап, көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Ел үшін қызмет ету, шынайы алғыс алу біздің дәрігерлік әрі азаматтық парызымыз деп білемін”, деді жарақат бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Нұрлыбаев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements