ЕХРО-2020: Қазақстан павильонын 200 мыңнан астам адам тамашалады

247

Дубайда дүниежүзілік ЕХРО көрмесі басталған бір айдың ішінде Қазақстанның ұлттық павильонын 200 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды  qazaqtv.com

Адамдарды заманауи цифрлық шешімдер мен шығыс сәулет өнерінің синергиясы қызықтырады. Әсіресе Түркістанның киелі жерлерін бейнелейтін павильонның құрылысынан бастап, көшпенділердің әлемдік мұраға қосқан үлесі туралы баяндайтын мазмұнына дейін, сонымен қатар табиғи ландшафттар мен жердің байлығы да келушілерді таңғалдыруда. Павильонның тағы бір алаңы еліміздің инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Стратегиялық мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде транзиттік-көліктік, халықаралық жобалар, инновациялар, цифрландыру өнімдері ұсынылған. ЕХРО-ға әлемнің түкпір-түкпірінен ірі инвесторлар көптеп келеді. Дәулет Еркімбаев, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:   – 6 айда шамамен 30 шақты іс-шара өткізілді. Оған тек Қазақстан емес алыс жақын шетелдерден инвесторлар қатысты. Көрмеге 25 млн шамасында адам келеді деп жоспарланып отыр. Оның әр 5-шісі іскер адам. Ал шетелдік қонақтар үлесі 70% шамасында. Бұл ЕХРО-ның 168 жылдық тарихында болмаған көрсеткіш болуы әбден мүмкін.

Advertisements