Түркістан Сарыағашта зияткерлік мектебі ашылды

240

Сарыағаш ауданында жекеменшік зияткерлік бастауыш мектебі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданында 200 орынға шақталған жекеменшік «Рахима О.Р» ЖШС зияткерлік бастауыш мектебі ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов, ардагер ұстаз С.Мырзабаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, кәсіподақ төрағасы Ә.Тастанбеков арнайы қатысып, мектептің ашылуымен құттықтады. Ал, мектеп құрылтайшысы Рахымберді Оспанов мектептің ашылу салтанатында мектеп директоры Л.Рысбековаға мектептің кілтін табыстады. Айта кетейік, аталған мектеп үкіметтік тапсырыс аясында қаржыландырылады. Мектепте оқушылар тегін білім алады және бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Мектепте асхана, жаттығу залы, спорт алаңшалары қарастырылған. Сондай-ақ мектепте заманауи үлгідегі үлкен экранды электронды тақта және компьютерлік құрылғылар, мультимедиа кабинеттері, акт залы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары қарастырылған. Білім ордасында балаларға арналған жатақхана да бар. Зияткерлік мектебінде математика пәніне басымдық беріліп, тереңдетіліп оқытылады. Оқушыларды сапалы біліммен қамту мақсатында ең білікті, білімді ұстаздар жұмысқа тартылған.

Advertisements