ШЫМКЕНТ: 5 жылда 5,5 млн түп ағаш көшетін отырғызылады

184

Мемлекет басшысының елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасы негізінде Шымкентте кешенді жұмыс атқарылуда. Қала әкімі М.Әйтенов бекіткен жоспар бойынша 5 жылда шаһарда 5,5 млн түп ағаш көшетін отырғызу көзделген.
Бүгінде ШЫмкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Бәйдібек би даңғылы, Мәделі қожа, Ташкент тас жолы, МЖК, Арғынбеков көшелерінде және Сәуле шағынауданы аумағында көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары қарқын алды.
Көшелердің бойына 4 425 түп үйеңкі, қарағаш, тұт ағаштарының көшеттері қондырылған. Алдағы уақытта ауданда тағы 1 161 қылқан жапырақты қырым және кәдімгі қарағай, тұт ағаштарын отырғызу жоспарланған.
Қазіргі таңда аудан аумағын көгалдандыруды «Build stroi» мердігер мекемесі атқаруда.
Мамандардың айтуынша, күз мезгілінде егілген ағаштардың 99 пайызы көгереді. Олардың тамыр жайып, жақсы жерсінуі үшін көгалдандыру жұмыстары дәл осы уақытта жүргізілсе, өз тиімділігін береді.
Тұрғындарды жасыл желекке ұқыптылықпен қарауға, қоршаған ортаны ластамауға шақырамыз!
Advertisements