ЭКСПОРТ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

242
17-19 қараша күндері Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент өнімдері-2021» көрмесі өтуде. Іс-шара аясында Шымкент қаласындағы экспорттаушы ұйымдардың өңірлік кеңесінің отырысы болды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, өңірлік кеңестің мүшелері, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» Шымкент және Түркістан өңірлік өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиал директорының орынбасары қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты қаланың экспортын дамыту және ондағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Мәжілісте экспортты дамыту және ілгерілету жайы талқыланып, «СТ-KZ» қазақстандық стандарт сертификатын алу мәселелері қаралды. Шикізаттық емес экспортты дамытудың бірден бір жолы өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау екені айтылды. Өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытуың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Advertisements