ШЫМКЕНТ: Өскелең ұрпаққа әлем мен өз еліміздің тарихын үйретуге арнаған жан.

234

Өзінің еңбек жолында осы сөзді негізгі ұстанымына айналдырған Күлімкөз Есенбекова биыл «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз болды.
Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясындағы тарих пәнінің мұғалімі Күлімкөз Шірнебайқызы ғұмырының 31 жылын өскелең ұрпаққа әлем мен өз еліміздің тарихын үйретуге арнаған жан.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білімін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін ұстаздарымыз да білікті болу керек. Бұл жолда К.Есенбекова «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндеріне арналған жоғары деңгейлі курсында білімін жетілдіріп, шебер-педагог атанған. Жаңа бағдарлама аясында үйренген білімін жас мамандармен бөлісіп, коучингтер мен вебинарлар өткізеді.
Білікті ұстаз әр сабағында оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескере отырып, оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік қағидаларын ұстанады.
–Әр сабақ – мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі. Сондықтанда мен сабақ үдерісінде «Фишбоун», «Кластер», «SWOT талдау», «Кейс-стади», «Эйлер шеңбері», «Микс жаттығуы»т.б секілді жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланамын, -дейді ұстаз.
Бүгінге дейін К.Есенбекованың тарих пәнінен 3 әдістемелік қолданбаға авторлық етсе, 3 ғылыми мақаласы республикалық және халықаралық басылымдарда жарық көрген.
Еңбек жолында 80 аса шәкірті түрлі деңгейдегі пән олимпиадасына қатысып, 30-ы республикалық және халықаралық білім бәйгесінде жеңімпаз болған.
Ұстаздың осындай қажырлы еңбегі еленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет граммотасы» табысталса, 2020 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Биыл Шымкент қаласының «Үздік педагогы» болды.
Advertisements