ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары баспанамен қамтуға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді
Шымкент қаласында бүгінде тұрғын үй кезегінде 47 077 адам тіркелген. Жыл басынан бері кезектегі азаматтар саны 5 мыңға көбейіп отыр.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардарды онлайн қабылдаған әкім орынбасары Ерғали Білісбеков баспанамен қамтуға қатысты бірқатар мәселелердің заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
Әр азаматтың мұң-мұқтажын жеке тыңдап, саралаған шаһар басшысының орынбасары тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.
Арендалық тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелік бағдарламалары ұсынылуда.
Кезекте тіркелген азаматтардың барлығы жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша баспаналы бола алады.
Кезекке тіркелу үшін отбасының тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында кемінде үш жыл болуы және иеліктерінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.
Кезекке тіркелуге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,көп балалы отбасы, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар өтініш білдіре алады.