Қасым-Жомарт Тоқаев: Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады

202

Барыс жылы қарсаңында батыста басталған бейбіт шерудің соң бұралаңға ұласты. Еліміздің барлық аймақтарының тұрғындары алаңға шығып, наразылық танытты. Осы сәтті пайдаланған араңдатушылар мен бүлікшілер Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында өз ойларын жүзеге асырып үлгерді. Қыршыннан кеткен күнәсіз жандар қаншама…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестерді ұстауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тапсырма беріп, басбұзарлармен күресті бастап кетті. Елімізде төтенше жағдай орнап, комендаттық сағат енгізілді. Қазіргі таңда Алматы мен Жамбыл облыстарынан басқа аймақтардан төтенше жағдай режимі алынып тасталынды.
Бүгінгі таңда “Қасіретті қаңтар” оқиғасына қатысты 2000 адам ұсталып отыр. Президенттің Бас Прокурорға берген тапсырмасы бойынша барлық әрекеттер толық анықталуы керек.

Advertisements