Түркістанда мекеме қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істей алады

260

 

Түркістан облысы эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша 15 қаңтардан бастап «сары» аймаққа енді. Осыған байланысты, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14-қаңтардан бастап күшіне енген №1 Қаулысына сәйкес, облыс аумағындағы барлық ұйымдар мен мекеме қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істей алады.
Сонымен қатар, өңірде коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу бойынша бірқатар шектеулер қабылданды. Мәселен, театр, кинотеатр, концерт залдары, компьютерлік клубтар, цирктер, караоке 50% толымдылықпен жұмыс істей алады. Ал, толымдылығы 50 адамнан аспаған кезде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, моншалар, бассейндер, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтары, қонақ үйлер, банктер, әуежай, теміржол вокзалдары, халыққа қызмет көрсету мекемелеріне жұмыс күндері «көк» және «жасыл» мәртебесі бар азаматтар жіберіледі. Ал, демалыс күндері аталған мекемелерге тек «жасыл» мәртебесі бар азаматтар кіре алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Advertisements