Мобильді топ нысандарды аралады

220

Түркістан қаласында індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, құрамына қала әкімдігі өкілдері мен полиция қызметкерлері енген 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандар мен халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарының сақталуын қадағалауда. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларының тиісті деңгейде атқарылу қажеттілігі кәсіпкерлерге түсіндірілуде.

 

Мобильді топтардың кезекті мониторингтік жұмысы барысында соңғы кеше 116 нысан араланып, эпидахуалға байланысты карантин талаптары түсіндірілді. Карантин талаптары сақталмаған 8 нысанға түсініктеме толтырылды.

Advertisements