ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨМЕКШІ КӨЛІК ЖАСАП ШЫҚТЫ

109
Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін «темір тұлпар» құрастырып шығарды. Ол бұл техниканы жасауға алты ай уақыт жұмсаған. Шағын ғана жаңа техника мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары үшін таптырмас құрал болғалы тұр. Көлік қожалық аймағында жүк тасуға, қора тазалауға, тағы басқа жұмыстарға өте қолайлы.
Абзал Жасұзақ мектепті бітірген соң техникаға әуестігіне байланысты білімін Абай ауылындағы №13 кәсіптік колледжінде жалғастырған. Бұған дейін де 33 жастағы әуесқой маман мал шаруашылығына ыңғайлы бірнеше құрылғылар жасап, оларды пайдалана білген. Жақында жасап шыққан бұл техникасын Абзал шебер “SherAz” маркасымен таңбалапты, онысы “Шебер Абзал” дегенді білдіреді екен. Өнертапқыш қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысады. Оның айтуынша, күнделікті айналысып жүрген кәсібінде бұндай техникалардың пайдасы мол.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements