ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Егістік алқаптың қас жауы саналатын Марокко шегірткесі биыл егістікке қауіп төндіруі мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зиянкестен шаруалар шығынға ұшырамас үшін алдын алу шараларын күшейтуді жүктеген болатын. Осы орайда бүгін Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары бойынша Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауыл округінде семинар-кеңес өтті.
Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек, аудан әкімдерімен сала мамандары қатысты. Алдымен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған техникалар таныстырылды. «Республикалық деңгейде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамалар жасалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі