ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

88
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 16 сәуірде сағат 11.00-ге («Студенттер сарайы» ғимараты) сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 16 сәуірде сағат 12.00-ге («Сырдария» университетінің ректораты) ауысты.
​Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 16 сәуірде сағат 14.30-ға (аудандық мәдениет үйі) сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 16 сәуірде сағат 15.30-ға (Мырзакент кентінде аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залы) ауысқандығын хабарлайды.
​Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 15 сәуірге дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!
​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Advertisements