ТҮРКІСТАН: БАРИАТРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ ДАМУДА

107
Түркістан өңірінде бариатриялық хирургияны дамыту жоспары бар. Осыған байланысты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен Астана Медицина университетінің профессоры, ҚР Бариатриялық хирургтар қоғамының төрағасы Орал Оспанов Түркістан қалалық орталық ауруханасында мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында 35-55 жас аралығындағы науқастарға ота жасалды. Бұл күрделі оталар семіздік пен қант диабетіне шалдыққан науқастарға жасалынады. Ота кезінде үлкейген асқазанның мөлшері кішірейтіліп, тікелей аш ішекке жалғанады. Нәтижесінде науқастардың салмағы қалыпқа келіп, зат алмасу процесстері тұрақталады. Айта кетейік, осы оталарды жасатуға науқастар басқа қалалардан да келген. Отадан кейін науқастар 4-5 күн ауруханада ем қабылдайды. Ал отаның нәтижесі, яғни салмақтың азаюы, зат алмасудың қалыпқа келуі бір ай көлемінде сезіле бастайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
Advertisements