АРЫСТЫҚ СПОРТШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

201
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын талқылау мақсатында «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған штаб мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, Арыс футбол клубының директоры Медетбеков Ерғазы Мақсұмханұлы арыстық футбол клубының ұжымымен және футболға жаны құмар спортшы жастардың қатысуымен кездесу өткізді.
70-ке жуық спортшылармен өткен жиында партия жанындағы штаб мүшесі Е.Медетбеков жалпыхалықтық референдум – Жаңа Қазақстан үшін және болашақ ұрпақ үшін азаматтық жауапкершілігімізді көрсетудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
Жиында саяси науқан – референдумның маңыздылығы талқыланды. Әрбір тұрғынның таңдауы маңызды екені жөнінде сөз болды.
Кездесу барысында спортшылар 5-маусымда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысатындарын жеткізді.
Конституциялық өзгерістер жаңа Қазақстанның жан-жақты дамуы үшін аса қажет. Жалпы Ата заңның 30-дан астам бабына түзетулер енгізілмек.
Advertisements