Түркістанда мақта бағасы қандай болмақ?

191

Түркістан облысында мақта терімі басталды — деп хабарлайды ARSHAT-KAZ ақпарат агенттігі.

Биыл облыста мақта дақылының егіс көлемі 126 мың гектарды құрап отыр. Бұл жалпы егістіктің 15 пайызын қамтиды. Мәселен биыл шитті мақтаның түсімділігі 300 мыңнан аса тонна жиналады деп болжануда. Сондай-ақ бүгінде Жетісай, Мақтаарал аудандарында жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қолда бар 595 бірлік комбайндардың 92 пайызы жиын-терім жұмыстарына дайын. Айта кетерлігі, жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді.

Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының Индексіне сәйкес белгіленетіні белгілі. Мысалы өткен жылы шитті мақтаның тоннасы 320 мың теңгеден қабылданған екен. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізіп отыр.

Салдарынан бүгінде мақта бағасының 1 тоннасы 374 мың теңгені құрайды.
Ал шитті мақтаны қабылдау үшін 18 мақта өңдеу зауытының 209 бірлік қабылдау бекеттері жұмыстарын жүргізіп отырған көрінеді. Бүгінгі күнде зауыттар тарапынан тауар өндірушілерге жиын-терім жұмыстары үшін 150 – 250 мың теңгеден алдын ала төлем жасау науқаны басталып кетті.

Сондай-ақ, мақта теріміне мемлекет тарапынан 48 мың тн. жанар-жағар май және субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг қаржы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінген екен.

 

 

Advertisements