Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету

6

Шымкент қаласында 2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 12,3 млрд.теңге (2023ж.- 8,2млрд. теңге) қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсан жағдайымен 10,7 млрд. теңге төленуде. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізді.

Мүгедектігі бар азаматтарға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 49 205 өтінім келіп түсіп, 40 275 (81,9%) қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда:
– протездік-ортопедиялық көмек құралдарына мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 9 067 өтініш қабылданып, 6 840 құралмен қамтылды (75%), (2023 жылы – 8012 қамтылды);
– сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 23 019 өтініш қабылданып, 20 359 құралмен қамтылды (88,4%), (2023 жылы – 21 252 құрал қамтылды);
– мүгедектерге арналған қоларба құралдарына 1 473 өтініш қабылданып, 1 266 құралмен қамтылды (86%), (2023 жылы – 1 090 құралдар берілді);
– жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 937 азамат мұқтаж болса 2 894 азаматқа қызмет көрсетілді (98,5%), (2023 жылы – 2 851 қызмет көрсетілді);
– 12 709 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 8 916 азамат қамтылды (70,2%), (2023 жылы – 6644 жолдама берілді);
– мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватаксидің» 28 көлігіне 494 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде (2023 жылы – 28 көлікке 642 өтінім);
Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға Басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

 

 

Advertisements