ТҰРАНДАҒЫ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА

35

Шымкент қаласы Тұран ауданындағы көп қабатты үйлердің аулаларында қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету.

Тиісті жұмыстың нәтижесінде аула аумақтарына барлығы 238 жаңа жарық шамы орнатылды.

Бұл жарық шамдары тұрғындардың кешкі уақытта еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, балалардың ойын алаңдарындағы қауіпсіздігін арттыруға, жалпы ауданның көркі мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға сеп болады.

Advertisements