ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың Төрткүл ауылдық округіндегі кездесуінде тұрғындар жол сапасын жақсарту қажеттігін атап өткен болатын. Осыған сәйкес, аудан басшысының тапсырмасымен Төрткүл елді мекенінің бірнеше көшесінде, атап айтқанда Ғ.Мұратбаев, Т.Тоқтаров және Ә.Молдағұлова көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Жаңарған жолдар тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ауылдың инфрақұрылымдық дамуына оң әсер ететін болады. Ауылдың ішкі көшелерінің сапалы жолмен қамтылуы балалардың мектепке баруын, қоғамдық қызметтердің көрсетілуін, көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Айта кетейік, аудан аумағындағы көшелердің жалпы 520,2 шақырымына асфальт төселген. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 6 көшеге орташа жөндеу, 3 көпірге ағымдағы жөндеу және 14 елді мекеннің ішкі көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 4 аудандық маңызы бар автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтті. Нәтижесінде ішкі жолдардың қанағаттанарлық үлесі 55%-ға жетті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі



