ТҮРКІСТАНДА «АҚ ПАРАҚ – МЕНІҢ МАЙДАНЫМ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТТІ

38
Түркістан қаласындағы облыстық «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақ парақ – менің майданым» атты танымдық ашық сабақ өтті. Бұл шара көрнекті журналист, қаламгер Төрекелді Байтасовтың туғанына 70 жыл толуына арналды.
Сабаққа арнайы қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Журналистер одағының, Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері, «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері Несіпкүл Мейманханқызы, «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы, Халықаралық «Сирдаш» сыйлығының иегері, ақын Сайлаухан Жоланов, Төрекелді Байтасовтың ұлы ҚР Ақпарат саласының үздігі, журналист Төребек Байтас және кітапхана қызметкелері қатысты.
Ашық сабақ Төрекелді Байтасовтың өмірін баяндайтын бейнероликпен басталды. Оқушылар үш топқа бөлініп, нақыл сөздер арқылы өз топтарының атауларын анықтады. Шара барысында Төрекелді Байтасовтың «Қарлығаштың хикаясы» шығармасы бойынша талдау жүргізіліп, оқушылар сұрақ-жауапқа қатысты. Сондай-ақ, аталған шығармадан түйген ойлары мен алған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға қаламгердің өлеңдері мен нақыл сөздері бойынша қызықты танымдық тапсырмалар берілді. Іс-шара соңында қатысушылар сабақтан алған әсерлерін айтып, қонақтарға шынайы алғыстарын білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Advertisements