ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 200 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН

220

Былтыр Жетісай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымдық 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүрген. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен жол жөндеу (тас төсеу) жұмыстарымен 185 көше қамтылса, жергілікті бюджет есебінен 30 көшеге орта жөндеу және 34 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылып, стандартқа сай 9 жасанды жол кедергілері мен 114 жол белгілері орнатылды.
2020 жылы Жетісай ауданының жол саласын дамытуға жалпы 5 млрд теңге қаржы бағытталған. Оған ұзындығы 31 шақырым – республикалық, 26,8 шақырым – облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендерге қарасты 50 көшеге орташа, 218 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу және 5 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

“Биыл Жетісай ауданында «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы 18,1 шақырымды құрайтын 20 нысанға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Облыстық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу және 13,2 шақырымдық 24 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүреді”, – дейді Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмеш.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Advertisements