ШЫМКЕНТ: Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді

188

Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Қазіргі таңда, 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекен кестемен, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Енді бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021 жылы 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізілуде. Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымак-2, Батыс, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Сауле, Құрсай 1-кезек, Құрсай 2-кезек.

Жыл соңына дейін ауыз суды тасымалдап ішетін Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас сынды 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, ауыз су кестемен берілетін Жаңаталап және Сауле елді мекендерінің тұрғындарына сапалы ауыз су берілетін болады.
Нәтижесінде, қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді.

Advertisements