ШЫМКЕНТ: Жалпы көлемі 109,07 гектарды құрайтын көгалды аумақтың шөбі орылуда

160

Қаратау ауданында көгалды аумақтарды күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Оның ішінде саябақтар мен скверлер, көше бойы сынды жалпы көлемі 109,07 гектарды құрайтын көгалды аумақтың шөбі орылуда.

Қазіргі уақытта осы жұмыс түріне күн сайын 150-ден астам қызметкер тартылған. Бұл жұмыстар көгалдар мен гүлзарларға, көше-жол желісі бойындағы аумаққа эстетикалық көрініс беру үшін ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға аллергенді жүктемені азайту үшін де жүргізіліп келеді.

Ауданда шөп шабу жаз бойы жалғасады. Аталған жұмыстар үйішілік аумақтарда да атқарылатын болады. Айта кету керек, шалғындардың көптігі ауа-райына байланысты өзгереді.

Сонымен қатар,  Еңбекші ауданы аумағында «Build Stroi» ЖШС тарапынан жасыл желектерді отырғызу және көгалдандыру, күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, аудан аумағындағы №1 автожол, С.Жандосов, Ж.Аймауытов және Елшібек батыр көшелерінің бойындағы ағаштарға санитарлық қырқу, жасыл екпелерді суғару, шөп ору жұмыстары атқарылды.
Т.Рысқұлов, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлдер мен газондарды суғару, шөптерін тазалау, «18», «15» шағынаудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы ағаштарға санитарлық қырқу, қоқыстардан арылту жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының күнделікті қадағалауында.
Advertisements