ШЫМКЕНТ: «Нұрсәт» тұрғын алабындағы үйлердің аулалары мен аллея қоқыстан толығымен тазартылды

160

Шаһар әкімінің қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласысы Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін аудан аумағындағы кезекті тазалық акциясын өткізді.

Аталған іс-шара Қаратау ауданы әкімі аппараты және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағымен бірге ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – тазалық жұмыстарын насихаттау, халық арасында қоқықс тастамау мәдениетін қалыптастыру.

Кезекті тазалық акциясы барысында «Нұрсәт» тұрғын алабындағы үйлер аулалары мен аллея қоқыстан толығымен тазартылды. Іс-шараға 40 ерікті (волонтер) жастар мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері, мердігер мекемелер қатысты.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа деген ынтасын ояту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында құрылған жоба.
Тазалық акциясы арқылы экологиялық жағдайды жақсарту – біздің басты мақсат.

Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер.

Айта кетейік, аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған.
Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады.

Advertisements