Шымкенттің бірнеше шағын аудандарында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды

123

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан аумағындағы Крмель, Мақталы, Мамытов, Қожанов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары және Жайлау, Шұғыла, Ынтымақ-2 шағын аудандарында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына “Ақсемсер-стройсервис” ЖШС-нің 16 техникасы мен 42 жұмысшы күші жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары тарапынан қадағалануда. Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданындағы Сәуле шағынауданының кіреберісіне және №129 мектептің алдына егілген ағаштардың түптері қопсытылды.

Санитарлық тазалық жұмыстары кезінде ағаштарда судың ұзақ сақталып, жақсы сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалды.
Мұндай күтіп-баптау жұмыстары Қонаев пен Бәйдібек би даңғылдарында да жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстарына Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Build stroi» мекемесінің 70-ке жуық жұмысшысы және 17 арнайы техника жұмылдырылды. Аталған жұмыстардың тұрақты жүргізілуі аудан әкімінің жіті бақылауында.

Advertisements