ШЫМКЕНТ: «Тұран» шағынауданында құрылыс қарқын алған

137

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру нысандарының құрылыс барысын аралап көрді.

Шаhар басшысы «Тұран» шағынауданындағы 1200 орындық мектептің құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады.

Құрылысқа жауапты бас мердігер – «АРТ-құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қараша айында басталған еді.
Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді.

Шағынауданда бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды.

Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Жобалық – сметалық құжатқа сәйкес, «Тұран» шағынауданында 9 қабатты үйлерден бөлек 12 қабатты үйлер де бой көтеруде.

 

Advertisements