Шымкенттіктер үшін көлік сақтандыру жеңілдей түсті

123

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы аясында шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-ларда көліктерін бірден сақтандыруға мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл қосымша сервис «пилот» ретінде 2021 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Айдос Ашетовтың айтуынша, клиентке автокөлікті қайта ресімдеу кезінде оператор электронды сақтандыру полисін рәсімдеуді ұсынады. Бұл азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеп қана қоймай, адами факторды толығымен жояды.

«Сақтандыру полисін рәсімдеу үшін, жүргізушінің ЖСН, телефон нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөміріндегі деректерді және көліктің VIN-кодын ұсыну қажет. Өтінімді толтырғаннан кейін, клиентке электронды сақтандыру полисі сәтті тіркелгені туралы SMS келеді. Полисті тіркеу үшін 10 минут жеткілікті», – деп атап өтті Айдос Ашетов.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚО және автоХҚО-лар клиенттерді тек алдын ала брон арқылы қабылдайды. Кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Advertisements