ШЫМКЕНТ: «Жастар арасындағы этносаралық татулық пен бірлік» тақырыбында сұхбат өтті

127

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен қала аумағындағы “Жас дәурен”, “Оңтүстік” тұрғын алабы тұрғындарымен және түрлі этнос жастары арасында «Жастар арасындағы этносаралық татулық пен бірлік» тақырыбында карантинге байланысты ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта сұхбат өтті.
Сұхбат барысында өзбек этномәдени бірлестігінің жастар қанаты төрағасының орынбасары Шахзод Хамарадинов, «Жаңғыру жолы» РЖҚ Шымкент қалалық филиалының мүшесі Мариям Хасанходжаева мен Оңтүстік тұрғын алабының тұрғыны Жасмина Нұралиева жарыссөзге шығып, көтеріліп отырған мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Онлайн арқылы сұхбат жасау мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытындағы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік этносаясаттың бағыттарын түсіндіру, аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселелерді айқындау мақсатында өтті.
Сондай-ақ, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Анарбаев Қайрат Сапарханұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Advertisements