ШЫМКЕНТ: Көше бойындағы жарықшамдар істен шықса «Айкөмек» орталығына хабарласыңыз

129

Шымкент қаласында “қаланы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану” жобасы аясында Еңбекші ауданының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарды мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында мердігер мекеме “АВМ Building” ЖШС орындап жатыр.

Еңбекші ауданы аумағында мемлекеттік жекешелік аясында 2021-2023 жыл аралығында 92 көшеге жарықшам қойылады.

Осы орайда, тұрғындардың назарына! Аудандағы көшелерде, көпқабатты тұрғын үй аулаларында түнгі жарық шамдар жанбай істен шыққан болса, төмендегі телефон нөмерлеріне хабарласып өтінім қалдыруға болады.

Жоспар бойынша 2021 жылдың соңына дейін мегаполистегі 104 көше жарықтандырылатын болады.

Атап айтқанда, Абай ауданы – 30, Әл-Фараби – 21, Еңбекші ауданы – 22, Қаратау ауданында 31 көше белгіленді.

Ал, 2022 жылы – 102 көше, 2023 жылы – 106 көше жарықтандырылып, нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.

Егер, көше бойындағы жарық бағаналарының істен шыққанын, жанбай тұрғанын көрсеңіз Шымкент қаласының ситуациялық «Айкөмек» орталығының 109 нөміріне тегін хабарласып мән жайды атсаңыз болады.

Advertisements