ШЫМКЕНТ: Онкологиялық орталықта дәрігерлер тәжірибе алмасты

103

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкология және радиология сүт бездері ісіктері орталығының бір топ білікті мамандары келді.

Орталыққа келген медицина мамандары жергілікті дәрігерлермен бірігіп, сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан 4 науқасқа күрделі ота жасады. Операция барысында хирургтар ісікті алумен қатар сүт безін қалпына келтіретін пластикалық операциялар да жасады. Медицина мамандарының сөзінше ота жасатқан науқастар үшін пластикалық операцияның маңызы зор екен. Ол науқастың психологиялық күйзеліске ұшырауын азайтады, сонымен қатар пациенттің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.

« Науқастарға медициналық көмек көрсетумен қатар, оларды психологиялық тұрғыда қолдағымыз келеді. Сондықтан хирургиялық тыртықтың орнына пластикалық ота жасап, пациенттің толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік жасаймыз. Шымкенттік онкологтардың біліктілігі жоғары болғандықтан, олар еш кедергілісіз көкіректің ісігіне пластикалық ота жасай алады»- Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынын онкология және радиология сүт бездері ісіктері орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Әлия Абдрахманова.

Білікті профессор жасаған операцияға жергілікті онкологтар да қатысып, тәжірбие алмасты.

Айта кетейік, алматылық дәрігерлердің қатысуымен 10 шілде күні қалалық онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтеді. Бұл күні тұрғындар білікті маммолог дәрігерлерден кеңес алып, тексеруден өтуге мүмкіндігі бар.

Advertisements