ШЫМКЕНТ: Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау – басты міндет

116

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 05 наурыздағы №001 pq қаулысымен партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 8 тармағы бойынша, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылды, ал 9 қарашадан бастап сараланған (дифференцированный) тариф енгізілді, яғни қолма – қол төлем 100 теңгені, электронды төлем 70 теңгені құрайды.

«Төлем» жүйесімен көлік карталарының 4 түрі қарастырылған: стандарттық ( жалпы пайдалануға ), мектеп оқушыларының, студенттік және жеңілдік. Карталар «Имран», «Грамад» сауда үйлерінде, «Зерде» дәріханаларында сатылады. Мектеп оқушылары мен жоғарғы оку орындарының студенттері төлем картасын алу үшін t.me/TolemCardRegisterBot (TelegramBot) арқылы тиісті мәліметтерді жолдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дайын карталарын алу үшін 2 офис ашылды. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, қоғамдық көлікті бақылау жүргізетін І – Kolik мобильді қосымшасы әзірленіп, «PlayMarket», «AppStore» бағдарламаларында тестілеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Advertisements