Шымкент : Инновациялық жобалар бойынша 205 өтінім түсті

123

Шымкентте «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс отырысы өтуде.

Бағдарлама шеңберінде 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі.

Айта кету керек, 7 маусым мен 18 маусым аралағында жалпы 205 өтінім түсті. Түскен өтінім жобалары  3 жұмыс күнінде қаралып, тыңдалатын болады.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін конкурсқа қатысушылар төмендегі құжаттарды өткізуі тиіс:

1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) Конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім;

3) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) Жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

5) Өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;

6) Бизнес-жоспар;

7) Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат (қажет болған жағдайда);

9) Берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);

10) Өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.

Өтінім Шымкент қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінде қабылданады. Бұл бағдарлама шеңберінде 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі. Ал арнайы конкурстық комиссияның құрамында түрлі саладан қамтылған тәуелсіз азаматтар болады.

Әеуметтік осал топқа жататын жандар жеке шотына бизнес жобасына сәйкес 10 пайыз қаржы құймайды. Яғни, оларға инновациялық талап қойылмайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements