ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

176


Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның басшылығымен құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді.

Өңірлік комиссия мүшелері ұлттық комиссияның отырысына бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Күн тәртібіне сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, комиссия отырысында «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды.

Оның ішінде, бекітілген жоспарға сәйкес «Баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау туралы» Денсаулық сақтау басқармасының, «Жалпы білім беретін пәндердің мазмұнындағы репродуктивті тәрбие мен білім беру мәселесі туралы» Білім басқармасының, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының Еңбекші ауданында орындалу барысы туралы» Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, аудандық комиссия төрағасының және «Отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін тұрғындар арасында ілгерілету бойынша діни бірлестіктермен жұмыс туралы» Дін істері басқармасы басшыларының атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды. Онда өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныстар берілді.

Advertisements