“Түркістан – Өскемен” әуе рейсі ашылды

318

Түркістан халықаралық әуежайында “Түркістан – Өскемен” рейсі ашылды, деп хабарлайды  zakon.kz

Бұл түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған он алтыншы әуе бағыты. Бұған дейін іске қосылуы керек болған әуе рейсі Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.

Аталған әуе бағыты ашылған соң, жолаушылар легі төмен болатын “Түркістан-Семей” әуе бағыты жабылды.

Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.

Advertisements