Қала тазалығы – баршамызға ортақ

135

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала тазалығына қатысты тиісті мекеме басшыларын жинап, атқарылған жұмыс барысын тыңдады. Шаһар басшысы қала аумағының тазалығы тазалаушы мекемені ғана емес, сектор жетекшілерін де ойландыруы тиіс екенін атап өтті.

– Таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асады. Демек, тұрғындар арасында насихат тиісті деңгейде емес, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

«Жарық-Тазалық» ЖШС 310 жұмысшы 40 техникамен 56 көшеге қызмет көрсетеді. Оның ішінде үлкен 20 көшеде күніне үш мезгіл, кіші көшелерде аптасына екі күн тазалық жұмыстары жүреді. «Жасыл-Арман» ЖШС 42 техника, 250 жұмысшымен 788 көшені тазалаумен айналысуда.

Мекеме басшыларының есебі сараланған соң қала басшысы жауапты мамандар мен сектор жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

– Бір адамның кесірі мыңға тимеуі керек. Өлекселер мен қоқыстар сырттан келмейді, өз арамыздағы азаматтар шығарып тастайды. Осындай жағдайларға тосқауыл қою керек. Қажет болған жағдайда рейд ұйымдастырыңыздар, түсіндіру шараларын күшейтіңіздер, қоршаған ортаны бейберекет ластаушыларға айыппұл салыңыздар, бірақ нәтиже көрсетіңіздер, – деп, қала әкімі жиналысты қорытындылады.

Кез-келген жердің тазалық көрсеткіші сол жерді мекендейтін тұрғындардың мәдени деңгейін көрсетеді. Ендеше, тазалық жұмыстарына дәрменсіздік танытпай, әрдайым жауапкершілікпен қарауға атсалысу керек.

Advertisements