Ауыр атлетика алыптарының арпалысы

206

Ауыр атлетика алыптарының арпалысы деп хабарлайды  osken-onir.kz

Даңғайыр диқанның 130 жылдығына орай түрлі шаралар ұйымдастырылып, Ы.Жақаевтың есімі лайықты деңгейде ардақталуда. Сол айтулы шаралардың қатарына жұма күні бастау алған ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен байрақты бәсекені жатқызуымызға болады. Себебі, аталған турнирге еліміздің Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарынан сондай-ақ, көршілес Қырғызстан Республикасынан атақты зілтеміршілер келіп қатысуда. Қатысып қана қоймай, турнирде жеңімпаз атану үшін барын салуда. Турнирдің көркін ашып, сәнін келтірген тағы бір қуанышты жаңалық бұл әрине қонақтар қатарынды төрт дүркін Әлем Чемпионы Илья Ильиннің табылуы болды. Ол турнирдің ашылу салтанатында сөз алып, қатысушы жас зілтеміршілерге жетістікке жетуге деген талпыныс­ты Ыбырай Жақаев атамыздан үйрену керектігін айтты. Сондай-ақ, Шиелі ауданының спортқа деген ерекше ықыласына ризашылығын білдіріп, жас өрендерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге турнирге Ыбырай Жақаевтың ұлы Жақай Сейітбек те қатысып, зілтеміршілердің өнерін тамашалады. Қатысушылардың дені 18-19 жастағы спортшылар болса, ең жас зілтемірші 15 жасар Қызылордалық Қайырбек Сұлтанбек болды. Жас болғанына қарамастан Қайырбек жұлқа көтеруден 83 кг, серпе көтеруден 90 келіні оңай бағындырды. Ал, алғашқы жұлқа көтеру ­сайысы бойынша Биыл Шиелі ауданында Соцалистік еңбек ері Ыбырай Жақаевтың туылғанына үздіктер үштігін 130 кг көрсеткішпен Қызылордалық Мейрамбек Әбдіқалық, 121 кг көрсеткішпен Алматы облысының спортшысы Әли Нұрбай, 120 кг көрсеткіштпен Қызылордалық Есенкелді Сапи түйіндеді. Қырғыз бауырлардың да көрсеткіштері жаман емес. Мәселен жұлқа көтеру сайысы бойынша Нұрсултан Тарманов 115 кг көрсеткіш, Ырыскелді Алишеров 97 көрсеткішпен жоғары нәтиже көрсете білді.

Рамазан Әнәпия
Advertisements