Үкімет жастарға демеу болса, алмайтын асуымыз жоқ

170

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі білім саласына басымдық беріп отыр, деп хабарлайды yassy-tur.kz

Мемлекет басшысы: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Сонымен бірге, жағымды жаңалығымыз да бар. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды», – дейді. Біз де Түркістандағы белсенді жастармен бірлесе отырып Ясауи атындағы халықаралық –қазақ түрік университеті жанынан «Ақжүрек» қайырымдылық қорын ашып отырмыз. Ондағы мақсатымыз – билік қана қолдауы тиіс деп қол қусырып қарап отырмай, тұрмысы төмен отбасынан шыққан студент жастарымыздың түрлі жобалары мен бастамашылықтарын тұрақты түрде қолдап отыру. «Ақ жүрек» қайырымдылық қоры 2020-шы жылдан бері өз қызметін атқаруда.Ұйымдағы белсенділер тұтас студенттер.Басында бізге қиын болды. Үлкендер рұқсат бермеді. Жаман ойлар кедергі келтірді. Ұйым бола алмаймыз деген секілді қиындықтың бәрін еңсеріп жеңіп шықтық. Біздің топтың басшылары олар: Нұртілеу Кеңесбек және мен Мырзақожа Әлихан. Ең алғашқы бастаған көмегіміз әлі жадымда үш отбасыны толықтай азық-түлікпен қамтамасыз еттік. Әрине, халықтың қолдауымен жасалды. Бар дүние, ең ауқымды жақсылығымызда есімде. Каргаева Тамара әпкеге 500 мың теңге ақшалай тұрғыда көмек жасалды. Ең қызықты көмегіміз ол Арыстағы №3 балалар үйі болатын. Жалынды да талантты жастар керемет естен кетпес күнді бастан кешірген болатынбыз. Бізге деген қарсы пікірлер де өте көп болды. «Сендердің тірліктерің өтірік» деген секілді әлеуметтік желіде бұлар халықтан ақша жинап алдап кететін арамзалар деген секілді көптеген сындарға ұшырадық. Әрине оңай болған жоқ соған қарамастан жетістіктеріміз жеткілікті. Асу аларлықтай болмаса да, ел жақсы көріп сүйсінерлік істеріміз баршылық. Үкімет пен халқымыз жастарға демеу болса, алмайтын асуымыз жоқ.

Мырзақожа ӘЛИХАН,

«Ақжүрек» қайырымдылық қорының тең төрағасы

 

Advertisements